
3 қараша күні сағат 16.30-да Екібастұз қаласындағы Амангелді көшесінде орналасқан жеке үйде өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына шыққан өрт сөндірушілер жеке үйдің 150 шаршы метр алаңында ағаш шатыры құрылымдарының жанып жатқандығы және 12 шаршы метр аумағында шаруашылық құрылысы жанғанын анықтады.
Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт уақтылы сөндірілді, басқа объектілерге таралуға жол берілмеді.
Өртке 2-МӨСБ, 6-ӨСБ күштері мен құралдары, төрт бірлік техника және 13 қызметкер жұмылдырылды.
Өрттің себебі - электр сымдарының қысқа тұйықталуы болып табылды.
ТЖД Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды еске салады:
- Электр сымдарының жарамдылығын бақылау, зақымдалған электр құрылғыларын пайдаланбау қажет;
- Рұқсат етілмеген жерлерде темекі шекпеу;
- Электр жабдықтары мен тұрмыстық техниканы пайдалану ережелерін сақтау.