Құрмет демалысына шығарып салды

Құрмет демалысына шығарып салды

Павлодар облысы ТЖД жеке құрамы Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Марс Шыбынаевты еңбек сіңірген демалысына шығарып салды.

Азаматтық қорғау майоры Марс Шыбынаев өзінің еңбек жолын 2004 жылы өңірдің өрт сөндіру бөлімдерінде қарапайым өрт сөндіруші жолынан бастады. 2013 жылдан 2021 жылға дейін азаматтық қорғау органдарының дамуына елеулі үлес қосқан түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. 2024 жылы "Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі және АҚЖҚ" РММ бастығының орынбасары болып тағайындалды. Қызмет кезеңінде III, II дәрежелі "Мінсіз қызметі үшін" медальдарымен, III дәрежелі "Құтқарушы" төсбелгісімен марапатталған.

Марс Зарлықанұлы көп жылдық жұмыс өтілі бар азамат және жеке құрам оны білікті басшы, жас ұрпаққа үлгі болған өз ісінің нағыз маманы ретінде біледі.

Павлодар гарнизонының бастығы мен ұжымы көп жылғы қызметі үшін зор алғыстарын білдіріп, төтенше жағдайлар министрлігінің зейнеткер атағымен құттықтады.

Гарнизон қызметкерді барлық құрметпен шығарып салды. Өрт сөндіру оқпандарынан су шашып, осылайша қызмет еткен жылдары жиналған күйе мен шаңнан тазартты.  Ардагерлер кеңесі атынан зейнеткерге құттықтау хаты табысталды.