Қауіпсіз терезелер-балалардың қауіпсіздігі: ата-аналар нені білуі керек!

Қауіпсіз терезелер-балалардың қауіпсіздігі: ата-аналар нені білуі керек!

Жыл сайын балалардың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғалар тіркеліп, саны артып келеді. Әдетте, құлаудың барлық жағдайларында балалар терезеге өздігінен көтеріліп, көтерілу үшін әртүрлі жиһаздарды қолданып, москит торына сүйеніп, онымен бірге терезеден құлап жатады.

Терезеден құлау-балалар жарақаты мен өлімінің негізгі себептерінің бірі, әсіресе қалаларда. Бүгінгі таңда Павлодар облысында осындай 11 оқиға орын алды, олардың екеуі қайғылы аяқталды.

Мұндай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері ата аналарды сақтық шараларын сақтауға шақырады:

- балаларды ешқашан ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, әсіресе терезелері ашық бөлмелерде.

- терезелерді арнайы блокаторлармен немесе құлыптармен жабдықтаңыз.

- жиһаздың терезе жанында орналаспағанына көз жеткізіңіз.

Осы қарапайым ережелерді сақтау арқылы қайғылы жағдайлардың алдын алуға және балаларыңыздың өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі.