АИТВ және ЖИТС: ересектер мен балалар нені білуі керек

АИТВ және ЖИТС: ересектер мен балалар нені білуі керек

АИТВ –  иммундық жүйе жасушаларына зақымдап,адам ағзасын біртіндеп әлсірететін адамның иммунитет тапшылығының вирусы.

ЖИТС (жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы) АИТВ-инфекциясының соңғы кезеңі болып табылады.ЖИТС келесі жағдайларда дамиды: емделуге қолжетімділік болмағанда немесе диагноз кеш қойылғанда, егер емдеу тиімді болмаса.

АИТВ жұқтыру жолдары:

  1. Қан арқылы:

- есірткіні қолдану кезінде шприцтерді, инелерді және басқа инъекциялық жабдықтарды ортақ пайдалану:

- татуировкалар мен пирсингтер үшін стерильді емес құралдарды қолдану:

- басқа адамдардың қырыну құралдарын, қан қалдықтары көрінетін тіс щеткаларын пайдалану.

  1. жыныстық қатынас кезінде:

- қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы

  1. АИТВ-жұқтырған анадан балаға:

- жүктілік, босану кезінде

- емізу арқылы

 АИТВ мына жағдайларда жұқпайды:

қол алысу және жанасу кезінде;

сүйген кезде;

бір ыдысты пайдаланған кезде;

жөтелгенде немесе түшкіргенде;

төсек-орын немесе басқа жеке заттар арқылы;

қоғамдық дәретхананы пайдалану кезінде;

жәндіктердің шағуы арқылы.

 

ҚР ТЖМ Апаттар медицина орталығы

Павлодар облысы бойынша филиал дәрігері ТурсуноваЗ.К.