2024 жылғы 2 маусымда ТЖ департаментінің қызметкерлері Павлодар облысындағы төтенше жағдайларды болжау және алдын алу бойынша Торайғыров университетінің жобаларын талқылау жөніндегі кеңеске қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты техногендік және табиғи апаттарды болжау, оның ішінде төтенше жағдайлардың ықтималдығын, әсер ету дәрежесін бағалау және алдын алу үшін ғылыми әлеуетті тарту мүмкіндігін қарастыру болып табылады.
«Торайғыров университеті» КЕАҚ басқарма төрағасы - ректоры Еркін Тоқмұхамедұлы Садықов және «Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғау басқармасы» ММ басшысы Қанат Сәрсенұлы Кәрімов кіріспе сөз сөйледі.
Бұдан әрі спикерлер ретінде Торайғыров университеті факультеттері мен кафедраларының профессорлары сөз сөйлеп, су тасқыны құбылыстарына, өрттерге, гидротехникалық құрылыстардағы аварияларға, эпизоотияларға, эпидемияларға және т. б. байланысты төтенше жағдайларды болжау және алдын алу бойынша өз жобалары туралы айтып берді.
Кеңес барысында 16 өзекті жоба ұсынылды. Кеңес соңында спикерлерге сұрақтар қойылды, сондай-ақ ұсынылған жобалармен одан әрі жұмыс істеу үшін міндеттер айқындалды.
Павлодар облысы ТЖД
Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы