Павлодар облысы ТЖД автопаркі жаңа техникамен толықты

Павлодар облысы ТЖД автопаркі жаңа техникамен толықты

Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел ден қою мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігінің басшылығымен Павлодар облысы үшін Toyota Hilux автокөлігі бөлінді, ол Павлодар облысы ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасына тапсырылды.

Жаңа автокөлік ТЖ-ның барлық түрлеріне жылдам ден қоюға ықпал етеді, сондай-ақ құтқарушылар үшін ыңғайлылық пен қауіпсіздікті арттырады, құтқару және жою бойынша міндеттерді орындау үшін авариялық-құтқару құралдары мен жабдықтары бар қызметкерлерді жедел жеткізуге мүмкіндік береді.