МАКСИМ СТЕЦ: МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ МЕНІ ӨЗІ ТАҢДАДЫ

МАКСИМ СТЕЦ: МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ МЕНІ ӨЗІ ТАҢДАДЫ

Максим Стец - Павлодар облысы Жедел құтқару жасағының құтқарушысы. Ол әрдайым елдің патриоты болғанын және мемлекет тағдырына бей-жай қарамайтынын айтады. Әскердегі борышын атқарған соң үйге оралды, кейін жұмыс іздеуге тура келді. Оның айтуынша, құтқарушылар ғимараты бірден көзге түсіп, қасынан жай өте алмаған. Осылайша, менің мамандығым мені тапты, - дейді құтқарушы. Ал 2016 жылы ол Жедел құтқару жасағының қатарына қосылды.

Қызметтен бос уақытында Максим отбасымен бірге уақыт өткізуге тырысады. Оның екі қызғалдақтай қызы бар. Жұбайым мені мақтан тұтады, бірақ қатты алаңдайды, әсіресе, ол күрделі іздеу-құтқару жұмыстарына немесе ұзақ, алыс сапарларға шыққанда,- дейді құтқарушы. Менің отбасым-менің бекінісім. Жақындарымның қолдауынсыз мен бар нәрсеге қол жеткізе алмас едім, -деп жауап берді.

Құтқарушы корпустық жиһазды құрастыруға қызығушылық танытады. Қолмен жұмыс жасаған кезде көңіл ауланып, мидың демалуына мүмкіндік береді, өйткені құтқарушы мамандығы тек физикалық дайындықты ғана емес, сонымен қатар шоғырлану мен назар аударуды қажет етеді, -дейді.

7 сәуірде Максим Стец Павлодар облысы ТЖД колоннасының құрамында СҚО-да су тасқынына қарсы күресте көмекке шықты. Жеткен қызметкерлер бірден Заречное ауылына орналастырылды. Максим басқа құтқарушылармен бірге бөгеттер салып, нығайтты, тұрғындар мен үй жануарларын эвакуациялауға қатысты, зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізді. Мичурино ауылында құтқарушы адамдарға су басқан үйлеріне жетуге көмектесті. Максим барлық тапсырмаларды нақты және тез орындағанын атап өтті.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі