АҚЖОЛ САҒЫНБАЙ: АДАМДАРДЫ ҚҰТҚАРУ-МЕНІҢ БАЛАЛЫҚ АРМАНЫМ

АҚЖОЛ САҒЫНБАЙ: АДАМДАРДЫ ҚҰТҚАРУ-МЕНІҢ БАЛАЛЫҚ АРМАНЫМ

Ақжол Сағынбай - Павлодар қаласының 1 – Мамандырылған өрт сөндіру қызметінің аға инженері болып қызмет етеді. Ақжол әріптестерінің арасындағы ең жас жігіт, 2001 жылы Ақмола облысының Щучинск қаласында дүниеге келген. Еңбек өтілімі -бір жыл. Қызметке дейін бес жыл бойы Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік өртке қарсы қызмет академиясында оқыды. Мамандықты бала кезінен таңдаған, Ақжол адамдарды құтқаруды, өртті сөндіруді армандаған. Оны ата-анасы да қолдады. Әкесі де әрқашан өрт сөндіруші болуды армандаған,  сондықтан қазіргі таңда ұлымен мақтанады.

Ақжол спортпен шұғылданады және  бұл қызметте көп көмектегін береді. Ол 12 жыл бойы джиу-джитсумен кәсіби түрде айналысқан. 2018 жылы Азия чемпионы атанып, нормативін орындады спорт шеберінің кандидаты атағын алды. Қызмет барысында Ақжол екі әуесқой футбол лигасында ойнайды.

7 сәуірде өрт сөндіруші Ақжол Сағынбай Павлодар облысы ТЖД колоннасының құрамында СҚО-да су тасқынына қарсы күресте көмекке шықты. Ақжол су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу кезінде көмекке келген облыстардың ТЖД қызметкерлері, СҚО полиция қызметкерлері, еріктілер мен жергілікті тұрғындарымен бірге бір үлкен команда болып жұмыс істегенін айтады. Осының арқасында барлық тапсырмалар жедел және сапалы орындалды.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі