Чернобылшылар біздің бейбіт күндеріміздің батырлары

Чернобылшылар біздің бейбіт күндеріміздің батырлары

1986 жылы 26 сәуірде Чернобыль атом электр станциясында апат болды. Бұл ең үлкен техногендік апат адамзат тарихындағы трагедияға айналды. Өз өмірлеріне қауіпті екеніне қарамастан, мыңдаған адамдар аталмыш апатты бағындыру және оның жойқын салдарын азайту үшін бәрін жасады. Олардың ішінде Павлодар облысынан мыңнан астам адам болды. Олар өздерінің әскери бөлімшелерінің құрамында қойылған барлық міндеттерді абыроймен орындады. Сол жылдары мыңдаған еріктілердің арасында ТЖ қызметінің ардагерлері С.П. Косолапов, Н. С. Бачиев, В.Г.Калина да болды. 

Чернобыль атом электр станциясындағы апат кезінде Сергей Павлович Косолапов Павлодар облысының Азаматтық қорғаныс штабында радиацияға және химияға қарсы қорғаныс бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

Сергей Павлович - білікті және тәжірибелі химиялық қорғаныс маманы - өз білімі мен тәжірибесіне мұқтаж болған апат орнына өз еркімен барды. Анықтама үшін: 1984 жылы С.П. Косолапов Мәскеудегі химиялық қорғаныс әскери академиясын бітірді. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін Павлодар облысының Азаматтық қорғаныс штабына жіберілді.

С.П.Косолапов Чернобыльда орындаған негізгі міндеттердің бірі - КСРО АҚ штабының жедел тобының офицерлері мен прапорщиктерінің қаншалықты сәулеленгендерін есепке алу және апаттардың салдарын жоюға қатысқан бөлімдер мен бөлімшелердегі сәулеленуге ұшырағандарды есепке алуды бақылау болып табылды. Екі айдан кейін Павлодарға оралып, қызметін бұрынғы орнында жалғастырды. 1987 жылы Сергей Павлович облыстық ТЖ және АҚ курстары бастығының орынбасары болып тағайындалды, сәл кейінірек осы курстардың бастығы болып жұмыс атқарды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін 14 жыл "Павлодарэнерго"АҚ АҚ және ТЖ бастығы болып жұмыс істеді.

Бачиев Николай Салехович сонымен қатар АҚ штабында қызмет етті. Ол дозиметрист маманы ретінде Чернобыльдағы апатты жоюға бағытталған жұмысқа жіберілді. Көптеген жылдар бойы Ардагерлер ұйымының белсенді мүшесі болды. 2018 жылы ауыр сырқаттан кейін қайтыс болды.

Калина Вячеслав Григорьевич бірден әскерден апат аймағына жіберілді. Кейін оралған соң, 1993 жылдан 2016 жылдар аралығында  жүргізуші - өртке қарсы қызметтің қызметкері болып қызмет етті. Бүгінде лайықты демалыста, бірақ жұмысын жалғастыруда.

Қазақстан Республикасы ТЖ Министрінің 4.04.2023 ж. №123 ж/қ бұйрығымен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарын жою кезінде көрсеткен қызметі мен азаматтық борышын адал орындағаны үшін "Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін" төсбелгісімен Сергей Павлович Косолапов пен Вячеслав Григорьевич Калина марапатталды.

Павлодар облысы ТЖД Ардагерлер кеңесі