Балаларыңыз ашық терезе құрбаны болмасын десеңіз...

Балаларыңыз ашық терезе құрбаны болмасын десеңіз...

Павлодар облысының ювеналды полициясының мәліметінше, жыл басынан бері баланың терезеден құлауының 2 жазатайым оқиғасы тіркелген.

Терезеден құлау жағдайларының басым көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырғаннан болады. Ешқашан шыбын-шіркейден қорғау болатын торға сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, бұл тор - қайғылы жағдайға ықпал етеді, бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Көбінесе балалар терезе торларымен бірге түседі.

Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін диван, орындық сияқты терезеге шығуына мүмкіндік беретін заттарды алыс қойған жөн. Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз.

Балаңыз терезені толық ашуға мүмкіндік бермейтін терезелерге арнайы бекіткіштер қойыңыз. Темір торлар балаларды ашық терезелерден құлап кетуден қорғайды. Балалардың төсекке немесе терезелердің жанында орналасқан басқа жиһазға секіруіне жол бермеңіз. Балаларға қауіпсіздік сабақтарын үйретіңіз. Немқұрайлық баланың өліміне не мүгедек болуына себеп.

Есіңізде болсын! Балаларға арналған терезелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әр түрлі құрал, әдістері  бар, олардың құны барлығына қол жетімді

 Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы