Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері құрғақ шөпті жағу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері құрғақ шөпті жағу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін еске салады

Ауа-райының жылынуына байланысты жану мен өрттердің саны арта бастайды.  Әсіресе құрғақ шөптер мен қоқыстарды жағу, от жағу, елді мекендерде, бау-бақша мен орман алқаптарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақталмау салдарынан өрттердің саны артып келеді.

Жыл сайын жану мен табиғи өрттерсәуір-мамыр-маусым айларында көп болады.

Павлодар облысында 2023 жылы халықтың өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамауы нәтижесінде облыстың бау-бақша қоғамдарында 80 өрт тіркелді,к-лемі   100 гектардан астам, 527 саяжай учаскесі отпен зақымданды.

Өткен жылдың өрт қауіпті кезеңінде рейдтік іс-шараларды өткізу барысында өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін 241 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 59 адам ақшалай айыппұл,айыппұл  2 млн.теңгеден астам.

Табиғи өрттердің алдын алу және орман-дала алқаптарында, жайылма аумақтарда, бау-бақша және облыстың елді мекендерінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзушыларды анықтау мақсатында 36 мобильдік топ құрылды (ТЖД, ЖПҚ, табиғат қорғау және орман мекемелері мен ЖАО қызметкерлерінің ішінен 159 адам), олар 27 рейдтік іс-шара өткізді.

Күн сайын профилактикалық жұмыс жүргізіледі, аталмыш жұмыс жүргізу кезінде облыс тұрғындарына өртке қарсы тақырыбында жадынамалар, буклеттер табыс етіледі, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет екендігі түсіндіріледі.

Табиғи өрттердің туындау қаупін азайту мақсатында азаматтардан өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды сұраймыз:

- жанғыш қоқыстарды шығару және елді мекендердің аумағын жинау, құрғақ өсімдіктерден тазарту және минералданған жолақтарды қалпына келтіру бойынша іс-шаралар жүргізу;

- табиғаттағы демалыстан кейін шыны ыдыстарды жинап, белгілі қоқыс орындарына тастау, себебі күн сәулесі әйнектен өтіп, құрғақ шөпті өртеп жіберуі мүмкін;

- орман және дала алқаптарында от жағуға жол бермеу;

- жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын лақтыруға жол бермеу;

- табиғи өрттер туындаған жағдайда «101», «112» телефондары бойынша өртке қарсы қызметіне дереу хабарласу қажет.

 

Павлодар облысы ТЖД мемлекеттік

өрт бақылау басқармасы