Павлодар қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері саяжай учаскелерінде рейд жүргізуде

Павлодар қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері саяжай учаскелерінде рейд жүргізуде

2024 жылғы 21 сәуірде Павлодар қаласы ТЖ басқармасының қызметкерлері қаланың бау-бақша шаруашылығында рейдтер жүргізді. Азаматтарға жадынамалар таратылды, құрғақ шөптер мен жапырақтарды жағу ережелері түсіндірілді, аумақты және оның маңын құрғақ өсімдіктерден тазарту бойынша ұсыныстар берілді, толғандырған сұрақтарға жауаптар берілді.

Рейд барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 5 бағбан әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және тұрақты негізде жүргізілетін болады.