Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сенбілікке шықты

Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері сенбілікке шықты

Сенбілік саптық тұрғызудан басталды, онда әрбір қызметкерге жүктелген міндеттер қойылды. Сенбілік барысында офицерлер мен азаматтық қызметкерлер департамент аумағында және оның айналасын тазалап, санитарлық тәртіп орнатты. Қызметкерлер тырнауышпен өткен жылғы шөптерді тазалады, ағаштарды түптеді, орындықтарды сырлады, бордюраларды әктеп, белгілерді жаңартты.

Сенбілік аумақтық бөлімшелерде де өтті. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер әдеттегі жұмыс құралдары өрт жеңдері мен авариялық-құтқару жабдықтарын күректер мен сыпырғышқа ауыстырып, санитарлық тәртіп орнатты, бөлімшелерге іргелес аумақтарды абаттандырды.

Сенбілікке ТЖ департаменті мен аумақтық бөлімшелердің мыңға жуық қызметкері қатысты.

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі