Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері «Ұлттық киім күнін» атап өтті.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері «Ұлттық киім күнін» атап өтті.

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері келіп жеткен Наурыз мейрамы қарсаңындағы өзіндік қасиетке толы «Ұлттық киімдер күнін» жақсы қөңіл-күймен қарсы алып,  барынша ат салысты.

Азаматтық қорғау қызметкерлері дәстүрлі ұлттық нақыштағы өрнектер мен бөлшектерге толы кәмзолдар, қазақша стильдегі желеткелер мен шапандар киді. Қыздар бұрымдарын өріп, этно-стильдегі әшекейлер мен шашбауларды тақты.

Ұлттық тағамдар да дастарханға жайғасты. ТЖД қызметкерлері өздері дайындаған дәстүрлі бауырсақтар мен самса әкеліп үстелге орналастырды. Іс-шараны домбыраның дыбысымен сүйемелдеп, нағыз мереке сезімін сыйлады.

«Ұлттық киім күні» - бұл өз даралығын білдіруге, Қазақстанның бірлігі мен мәдени мұрасын қолдауға зор мүмкіндік беретіндігін тарихи күн.