ИНСУЛЬТ АЛҒАН ЖАҒДАЙДА КӨРСЕТІЛЕТІН АЛҒАШҚЫ КӨМЕК - ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КЕЛГЕНШЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАЖЕТ.

ИНСУЛЬТ АЛҒАН ЖАҒДАЙДА КӨРСЕТІЛЕТІН  АЛҒАШҚЫ КӨМЕК  - ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КЕЛГЕНШЕ ҚАНДАЙ КӨМЕК КӨРСЕТУ ҚАЖЕТ.

Инсульт - бұл ми қан айналымының  ауыр бұзылуы,  көптеген жағдайда  инвалидацияға (мүгедектікке), тіпті науқастың өліміне  әкеледі, тамырлардың ең қауіпті патологияларының бірі.

Науқасқа дәрігерге дейінгі көмек көрсетудің жылдамдығы мен дұрыстығы, оның жоғалған дене функцияларын қалпына келтіру мүмкіндігі бірнеше есе арттыруға көмектеседі.

Инсульттің тән белгілері: көру қабілетінің тез нашарлауы (минуттар немесе сағаттар), бет әлпетінің қисайуы және жансыздануы, бір жақ аяқ-қолдарының жансыздануы, сөйлеу қабілетінің бұзылуы, оқу және жазу дағдысының жоғалуы, жалпы әлсіздік және бас айналу және бастың қатты ауруы. Бұл симптомдардың барлығы қысқа мерзімде дамиды және инсульт алу күдігі болған жағдайда, дәрігерлерді шақырту қажет.

ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН! ИНСУЛЬТПЕН АУЫРАТЫН НАУҚАСТЫ ИНСУЛЬТ БӨЛІМІНЕ ТЕЗ ЖЕТКІЗІЛСЕ, СОҒҰРЛЫМ ОНЫҢ АМАН ҚАЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЛПЫНА КЕЛУ МҮМКІНДІГІ ЖОҒАРЫ БОЛАДЫ!

Жедел жәрдем келгенге дейін не істеуге болады:

Науқасты арқасымен, басын  көтеріңкі болатындай қалпында жатқызу, құсқан кезінде бір бүйіріне бұру;

Қысып тұрған киімдерін шешіп, жағасын ашып, белдігін босату;

Таза ауаның бөлмеге кіруін қамтамасыз ету;

Науқасқа дәрігерлердің келе жатқандығын, олардың тез арада көмек көрсететінін  айтып, сөйлесе отырып  тыныштандыру; 

Науқастың белсенді болуына, яғни душ қабылдауына, су, дәрі ішуіне және тамақ жеуіне жол бермеңіз.

 

ҚР ТЖМ  Апаттар медицинасы орталығы (Астана қ.)

 Павлодар облысы бойынша филиалы ММ

 Фельдшер КовтунА.В.