Сырғанақта сырғанау кезіндегі ережелер

Сырғанақта сырғанау кезіндегі ережелер

Төтенше жағдайлар Департаменті, балалардың сырғанақта сырғанау кезіндегі ережелер мен қауіпсіздік талаптарын еске салады:

- алдыңдағы сырғанаушы алыстап кеткенше кеткенше сырғанаққа шықпаңыз;

-  сырғанап түскеннен кейін, төменде көп қалмаңыз, тезірек сырғанау жолынан кеткен жөн;

- сырғанау жолынан өтпеңіз. Мұзда сырғанап келе жатқан адамның аяғының астына түсуіңіз мүмкін;

- қарлы немесе мұзды сырғанаққа баспалдағы бар арнайы белгіленген жерде көтерілу керек;

- арқаңызбен немесе басыңызбен алға ұмтылмауға тырысыңыз. әрдайым қайда бара жатқаныңызды қарауыңыз керек;

- егер соқтығысып қалсаңыз, онда қары бар жерге құлап немесе мұз бетінен басқа жаққа аунауға тырысыңыз  ;

- сырғанақта аяқпен сырғанауға болмайды, оның салдарынан мертігуіңіз  мүмкін;

-сырғанақтан ересектердің бақылауынсыз сырғанауға болмайды.  Соңғы жылдары үрлемелі шаналар (ватрушкалар, сноутубингтер, тобоггандар) үлкен қолданысқа ие болды. Классикалық шанадан айырмашылығы, ватрушкалар жоғары жылдамдықты дамытуға және тіпті түсу кезінде өз осінің айналасында бұралуға қабілетті. Бұл сырғанауға керемет сезім мен адреналин қосады. Дегенмен, үрлемелі шаналар мінген кезде қауіпсіздік ережелері туралы ұмытпаңыз.

Құрметті Павлодар облысының тұрғындары мен қонақтары!

 Сырғанақтан сырғанаудың осы қарапайым ережелерін сақтаумен Сіз өзіңізді және басқалард жарақаттауыңыз мүмкін .

Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы