Өрт салдарынан 2 жасар қыз бала қайтыс болды

Өрт салдарынан 2 жасар қыз бала қайтыс болды

9 тамыз күні сағат 10: 29- Тереңкөл ауданындағы Береговое ауылында жеке меншік үй жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнында 2 техника мен жеке құрамның 8 адамы жұмыс істеді. Өрттің 80 шаршы метрден зақымданғаны анықталды.

Өрт кезінде 2019 жылғы бала зардап шекті,ол 1-2 дәределі термиялық күйік алды,  баланы ауруханаға жатқызу қажет болмады, 2021 жылы туған нәресте қайтыс болды. Балалардың анасы аулада болған. Көп балалы отбасы сегізінші баланы күтуде.

Өрт сағат 11-45- оқшауланылды , өрт сағат 12-15 толығымен жойылды. Өрт себебі анықталуда.

Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы