Автогазқұю бекетінен өрт шықты

Автогазқұю бекетінен өрт шықты

26-шілде  13:24 сағатта Екібастұз қаласында  Қонаев 5 мекенжайында автокөліктерге автогаз  құю бекетінен өрт шықты, өрт жақын орналасқан «Феруза» азық-түлік дүкеніне ауысты.

Өрттің  көрші ғимараттарға, жолдан кейін  100 м қашықтықта орналасқан  меншік үй секторларына өту қаупі бар. 

Оқиға орнында 20 қызметкер мен 7 техника жұмыс істеуде. Мән-жай анықталуда, өртті сөндіру жалғасуда.

Павлодар облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы