18 маусым күні сағат 18.25-те 112 пультіне Баянауыл ауданы, «Жасыбай» демалыс аймағында тауда түтін шығып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.
Орынға 4 адам мен 3 техника шықты. Келген соң өрт сөндірушілер жаяу барлау жұмыстарын жүргізді. Барлау барысында кұрғақ, құлаған 2-кі ағаштың өртеніп жатқаны белгілі болды. Өрттің таралу қаупі болған жоқ.
Өртті сөндіруге өрт ошағының таудың 400м биіктікте орналасуы қиындық туғызды. Өрттің аумағы 50 шаршы метр құрғақ шөп және 2 ағаш, жалпы ауданы 3 м. құрады. Өрттің себебі мен салдары анықталуда.
Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі