Кене уынан қалай қорғану керек?

Кене уынан қалай қорғану керек?

Көптен күткен көктем мен жаз келген уақытта, күн мен жылу ғана келмей, сондай-ақ «Кене маусымының» мәселесі  бірге келеді. Қазірден бастап кене энцефалит және басқа да аурулардан сақтану үшін қауіпсіздендіру қажет.

Кенелер шөптер мен бұталарда болады. Кенелердің ең агрессивтік кезеңі сағат 12-ден басталып 14 сағатта аяқталады. Қатты ауаның дымқылдығында сағат 15-тен 16-қа дейін.

Сәуір айынан бастап қыркүйек бойы кене маусымы деп есптеледі. Оның ең қауіптісі болып – мамыр және маусым айларынды.

Табиғатта кенелер ауа температурасы +7°С жоғары көтерілсімен пайда болады. Олар тамақсыз 5 жылға дейін мекендейді.

Адамның денесінде кене неғұрлым ұзақ болса, аурудың даму қауіпі соғұрлым жоғары.  Аурудың ең көп қозатын кезеңі көктемнің аяғында және күздің басында, осы уақытта кене санының көбейуіне байланысты. Орман, бақта серуендегенде, демалыс орындарына табиғатқа шығу кезінде кенеден энцифалит вирусын жұқтыруға болады.

Әдетте, кенелер адам терісінің нәзік жерлері: мойынға, құлақтың сыртына, шап пен ішке кіреді.

Профилактикалық шаралар:

  • Жәндіктерді жоламас үшін, аллергиялық әсерлері болмау үшін аэрозольді қолданып, дененің ашық жерлеріне емес оны киімге шашырату. шалбардың және жеңнің төменгі жағын, жаға және бел аймағын, калталар, бүкпелер мен тігістерге сепкен жөн.
  • Табиғатқа шыққанда шалбардың балағын шұлығыңыздың ішіне салу қажет, сырт киіміңіз резеңкесі бар ұзын жеңді болуы қажет. Серуеннен үйге келгенен кейін киімдеріңізді далада жақсылап сілкіңіз.

Кене шаққан кезде не істеу керек?

  • Кене шаққан жерді тырналамаңыз және кенені сықпаңыз, оны пинцетпен не басқа тез суырып алатын құралмен алыңыз.
  • Кенені денеңізден шығару үшін дәрігерге бару қажет, егер ондай мүмкіндік болмаса, онда кененің тұмсығына жақындау етіп жіпті байлап, сонан соң шыққанша ептеп ырғап және ептеп жоғары тартып алып тастаңыз.
  • терінің ішінде басы қалып қоюы мүмкін, кейіннен оны шығару өте қиын болатындықтан, абай болған жөн. Сондай-ақ тез арада иммуноглобулин еккізуге емдеу мекемесіне барыңыз.

ТЖ алдын алу басқармасы