"Павлодар облысының аумағында су тасқынына қарсы өткізілетін іс-шаралар туралы" брифинг өткізді

"Павлодар облысының аумағында су тасқынына қарсы өткізілетін іс-шаралар туралы" брифинг өткізді

Павлодар облысының Өңірлік коммуникация орталығының алаңында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг ұйымдастырылды.   Брифингтің тақырыбы: "Павлодар облысының аумағында су тасқынына қарсы өткізілетін іс-шаралар туралы"

          Спикер ретінде Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Жұмашев Жасұлан Қдырғожыұлы сұхбат беріп, «Қазгидромет» РМК филиалының деректеріне сәйкес ақпан айындағы ауаның орташа температурасы -12,4-16,1°С нормасында болады деп күтілуде. Ақпан айының екінші және үшінші онкүндігінде норма шегінде (10-15 мм) қардың түсуі болжануда.

Анықтама ретінде: 2023 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша облыста топырақтың орташа қатып қалуы 139 см-ды (2022ж. – 119) құрайды, күзгі ылғалдану нормадан (норма - 43 см) 41,8%-ға төмен (2022ж. – 25 см, 2021ж. - 41 см), қардың түсу мөлшері нормадан (норма  - 52 мм) 11,5%–ға жоғары  (2023ж. – 58мм, 2022ж. – 53 мм), қардағы су қоры нормадан (норма - 43 мм) 14,6%-ға төмен (2023ж. - 36,7 мм, 2022ж. - 39,8 мм).

Павлодар облысында өткен жылдардағы су тасқыны кезеңінің талдауларына сүйене отырып, жердің бедерлі ойпаттарында орналасқан 43 елді мекен бақылауға алынды.

2022 жылы 24 маусымда облыс әкімімен бекітілген 43 іс-шарадан тұратын «Облысты IV кезеңде (жазғы, күзгі, қысқы-көктемгі, көктемгі) су тасқыны кезеңінен өтуге дайындау жөніндегі 2023 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспары», сондай-ақ облыс әкімінің бірінші орынбасарымен бекітілген 16 іс-шарадан тұратын «2023 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі 2022 жылғы жазғы-күзгі кезеңдегі инженерлік жұмыстар жоспары» іс-шараларының іске асырылуы бақылауда тұр.

«2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы                                іс-шаралардың Жол картасы» шеңберінде «Қаратерек ауылы (Май ауданы) аумағында Ертіс өзенінің арнасын тазарту және жағалауды нығайту»  бойынша 1 іс-шара орындалды.

Ағымдағы жылы Жол картасының 6 іс-шарасының іске асырылуы жоспарлануда.

 

Анықтама ретінде:

  1. «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский» автожолының 105 км-де күрделі жөңдеу жұмыстарын жүргізу (Баянауыл ауданы);
  2. Ақтоғай ауданы шекарасындағы Сілеті өзені арнасын тазалау, түбін тереңдету және жағалауды нығайту жұмыстары;
  3. Ақсу қаласында қорғау үйіндісін габиондармен нығайту;
  4. Ақсу кентінде қорғау үйіндісін габиондармен нығайту;
  5. Ленин кентінде (Павлодар қ.) қорғау үйіндісін габиондармен нығайту;
  6. Кенжекөл ауылында (Павлодар қ.) қорғау үйіндісін габиондармен нығайту.

Жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен 34 мың данадан астам қаптар, 9 мың 573 тонна инертті материал, 105 тонна жанар-жағармай қоры дайындалды, тамақтандыруға 99 және  жарылыс жұмыстарына 7 ниет-білдіру шарттары жасалды.

Анықтама ретінде: бюджете 1 млрд. 738 млн. теңге көзделген (оның ішінде шұғыл шығындар резервінде 485 млн. теңге, Төтенше резервтерде 1 млрд. 253 млн. теңге).

Қысқы кезеңнің басынан бастап облыстың елді мекендерінен 900 мың текше метрден астам қар шығарылды, қысқы кезеңге дайындық шеңберінде 1 472 су өткізу құрылыстары немесе 100% (темір жолда–199, автомобиль жолдарында – 1273) тазартылды және жабылды.

Су тасқыны жағдайы асқынып кеткен жағдайда халықты эвакуациялаудың 43 пункті алдын ала дайындалды.

Павлодар облысының аумағында барлығы 28 гидротехникалық құрылыс бар, оның ішінде: су қоймалары – 1 (транзиттік орындалған), дамба – 7, бөгеттер – 9, гидротораптар – 6, басқа гидротехникалық құрылыс – 5.

Төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін су тасқыны салдарын жоюға күштер мен құралдар топтамасы дайындалды, оған 1 702 адам, 616 бірлік техника, 42 жүзу кұралдары, 201 мотопомпа кірді, оның ішінде:

- ТЖМ аумақтық бөлімшелерінен (ІІМ, ҰГ): 772 адам, 126 бірлік техника, 7 бірлік жүзу құралдары, 71 мотопомпа.

- жергілікті атқарушы органдардан – жеке құрамынан 930 адам, 490 бірлік техника (136 бірлік су сору техникасы, 215 бірлік инженерлік техника, 139 бірлік автомобиль техникасы), 35 бірлік жүзу құралдары және 130 бірлік мотопомпа.

Қорытындылай келе, спикер аула аумақтарынан қарды уақтылы тазарту және шығару елді мекендерді су басу қаупін едәуір төмендететінін атап өтті.

Қоғаммен байланыс тобы