Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері авария салдарын жоюға жұмылдырылды

Павлодар облысы ТЖД қызметкерлері авария салдарын жоюға жұмылдырылды

2023 жылғы 3 қаңтарда сағат 06.00-ден бастап Екібастұз гарнизонының құтқарушылар күшімен зақымдалған учаскеден суды сорып шығару жұмыстары жүргізілуде.

Сағат 11-00-де «Қалалық су арнасы» МКК және «Инженерлік желілер» ЖШС қызметкерлері зақымдалған учаскені ауыстыру және диаметрі 500 мм техникалық су құбырын ажырату бойынша жөндеу жұмыстарын бастады.

Қалада жылу және сумен жабдықтау штаттық режимде берілуде (5 қазандық агрегаты жұмыс істеуде және 5-еуі резервте). Сыртқы ауа температурасы-2 С.

Авария орнында ТЖД, «Қалалық су арнасы» МКК 58 адам және 16 бірлік техника күштері мен құралдары жұмыс жасауда.

Қазіргі уақытта суды параллель айдау арқылы муфталарды қосу жүргізілуде.

Сағат 16-00-дегі жағдай бойынша жылу желісін қоректендіру резервуарларындағы су деңгейі 7,5 метрді құрайды, сыни көрсеткіш 1,6 метр. ЖЭО резервуарларын қуаттандыру сағатына 900 тоннаны құрайды (жылу желілерін қуаттандыру сағатына 600 тонна). Қазіргі уақытта қоректендіру диаметрі 150 мм (сағатына 150 тонна) ауыз су құбырынан жүргізілуде.

Вахталық және командалық-штабтық машина (КУНГ) базасында жылыту пункті ашылды, сондай-ақ "Vita" волонтерлері ыстық тамақ ұйымдастырды.

Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері штаттық режимде жұмыс істеуде.

Авария орнында облыстық әкімдік және Төтенше жағдайлар департаментінің  басшылығы бар.

 

 

Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі