Назар мен қамқорлық үшін алғыс

Назар мен қамқорлық үшін алғыс

Жыл сайын дәстүр бойынша Павлодар облысы ТЖ Департаментінің басшылығымен 1 қазанда қарт ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барады.  Бүгін олар тыл еңбеккері Ольга Александровна Величкоға барды, ол көп жылдар бойы Қалқаман кентінің өрт сөндіру бөлімінде радиотелефоншы диспетчері болып жұмыс істеді. Жасы ұлғайғанына қарамастан, Ольга Александровна қызмет еткен жылдарын жақсы еске алады, өмірінің соңғы жылдарында Қалқаман кентінің ӨСБ- қызмет еткен Кеңес Одағының Батыры Суптель Иван Игнатьевичпен бірлескен жұмысын ерекше жылылықпен еске алады.

Сондай-ақ, Ленинский кентінің бұрынғы ӨСБ бастығы Ибрай Зекенұлы Кәрібаевты құттықтады. И. З. Карибаев Павлодар қаласының құрметті азаматы. Карибаевтар өрт сөндірушілердің отбасылық әулетінің өкілдері. Оның әкесі соғысқа қатысушы өрт сөндіру бөлімінде қызмет еткен, содан кейін оның ұлы Ибрай Зекенұлы. Атасы мен әкесінің ісін екі ұлы Нуржан мен Ержан жалғастырды. Ардагерлер назар мен қамқорлыққа өте риза.

К.Х.Аскарова – Павлодар облысының ТЖ департаменті

ардагерлер кеңесінің төрағасы.