Нөсерлі жаңбыр.

Нөсерлі  жаңбыр.

Бір минут ішінде 1 мм ден астам жаңбыр жауса  және бірнеше күнге созылса  оны нөсерлі жаңбыр деп атайды. Нөсерлі жаңбыр салдарынан көлік қозғалысын бәсеңдейді, жер асты өткелдерін, қойма үй-жайларын су басады. Олар халықтың психологиялық ыңғайсыздығын тудырады. Нөсер дененің тез салқындауына және сууына ықпал етеді.

НӨСЕРЛІ  ЖАҢБЫР КЕЗІНДЕГІ ЕРЕЖЕЛЕР:

- Мүмкіндігінше үйде немесе баспанада болуға  тырысыңыз.

 - Жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз: қолшатыр, плащь, етік.

- Киіміңіз бен аяқ киім су болған жағдайда оларды дереу ауыстырып, жылытыңыз. Азық-түлік, дәрі-дәрмек, киім, аяқ киім қорларының ылғалдануының алдын алу бойынша шаралар қолданыңыз.

- Жедел қызметтердің хабарламаларын үнемі тыңдап отырыңыз – алыс сапарға немесе табиғатқа шықпас бұрын, алдағы күндерге арналған ауа-райы болжамын біліңіз; егер синоптиктер нөсер жаңбыр жауады деген болжау айтса, жолға шығуды кейінге қалдырыңыз немесе мүлдем бсрмаған жөн.

         Егер жағдай адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндірсе, бірыңғай 112 нөміріне қоңырау шалыңыз (теру Ұялы телефоннан да, стационарлық телефоннан да жүзеге асырылады).

ТЖ алдын алу басқармасы