Павлодар облысының Төтенше жағдайлар бөлімшелерінде еңбек еткен көптеген мемлекеттік қызмет ардагерлері лайықты жолдан өтті.
Кулаканова Елеусіз Төлеутайқызы. Осы жігерлі және мейірімді әйелге қарап, оның мемлекеттік қызметте 45 жылдық еңбек өтілі бар екеніне сену қиын. Павлодар облысының Төтенше қызмет жүйесінде 25 жыл қызмет атқарды. Ол азаматтық қорғаныс штабынан бастап, одан кейін Павлодар қаласы ТЖ басқармасының бас маманы, ал құрметті демалысқа шыққанға дейін ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді
«Мен әрқашан ТЖ жүйесінде жұмыс істегенді ұнататынмын, мұнда бір күн алдыңғыға ұқсамайды, дейді ардагер». Еңбек демалысына шыққаннан кейін Е.Кулаканова тағы бес жыл аудармашы – іс жүргізуші лауазымында еңбек етті. Қазір Ардагер қоғамдық бірлестік жұмысына белсене қатысуда.
Асқарова Кәкима Хайроллақызы-Мемлекеттік қызметке қырық жылдан астам, оның ішінде Қазақстан Республикасының Төтенше қызметтер жүйесінде 20 жыл жұмыс істеді.
Он жыл бойы ол ТЖ алдын алу бөлімін басқарды. ТЖ жас қызметкерлерімен кездесу кезінде «Ескерту ол-төтенше қызметтер жұмысының негізі» деп ардагер қайталаудан шаршамайды.
Оны әріптестері «Өз ісінің маманы» деп атайды. Әр түрлі саладан келген басшылар ең алдымен ардагердің орындаған жұмысына жеке көзқараспен қарайтын. Кейбіреулер оны талап етілетін шеңберде орындай алады, әсіресе мәселенің мәнін түсінбестен, басқалары орындауды өз бағыныштыларына тез жеткізе алады. Кейбір басшылар үшін жұмысты орындау- бұл нақты шығармашылық процесс, оған толық беріліп, өз бағыныштыларынан, сондай-ақ әріптестерінен осындай қатынасты талап етеді. Какима Хайрулловна дәл осындай басшы болды және солай болып қала береді. Қазір ол ардагерлер кеңесін басқарады, түрлі комиссиялардың, қоғамдық ұйымдардың мүшесі болып табылады, бірақ қарт адамдардың мәселелері туралы ешқашан ұмытқан емес, оларға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.
Олардан үлгі алатын көп нәрселері бар, сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмай біздің жас қызметшілеріміз үйреніп алу керек.
Департамент ұжымы Мемлекеттік қызмет ардагерлерін мерекемен құттықтап, зор денсаулық, отбасылық амандық тілейді. Бізбен бірге болғандарыңызға рахмет, құрметті ардагерлер!
Павлодар облысы ТЖ департаментінің қоғаммен байланыс тобы