Жыл сайын республикада биіктіктен құлаудан көптеген балалар қайтыс болады, көбісі ашық терезе бала үшін қауіпті болуы мүмкін екенін ұмытып кетеді. Сақ болыңыз. Егер үйде бала болса, ешқашан терезелерді ашық ұстамаңыз. Сіз дәл баланың жанында тұрғандай болсаңыз да, тіпті бір секндқа да көңіліңіз ауып кетсе, осы секунд баланың өміріндегі соңғы сәт болуы мүмкін. Ешқашан москитке қарсы торларды қорған ретінде пайдаланбаңыз-балалар оларға сүйеніп, олармен бірге құлап кетеді. Баланы ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Бала терезені өз бетінше аша алмайтындай етіп терезелерге кедергі орнатыңыз. Терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады, әсіресе қалаларда. Балалар ашық терезенің алдында өте осал, өйткені табиғи қызығушылығы бар, бала бар үйде, ең болмағанда, құлыптар болуы керек - бұл ең аз қорғаныс, өйткені бала терезені өзі аша алады.
Баланы терезеден құламау үшін қалай қорғауға болады?
Балаңыздың өмірін сақтайтын бірнеше ережелерді есте сақтаңыз! Құлау жағдайларының көпшілігі ата-аналар балаларын қараусыз қалдырған кезде туындайды.
- Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз;
- Тиісті терезе қорғауынсыз москит торларын пайдаланбаңыз. Бала алда қандай да бір кедергіні көреді, оған сенімді түрде сүйенеді, нәтижесінде бір жасар баланың салмағына арналмаған тормен бірге құлап кетуі мүмкін;
- Терезелер мен шыны есіктердің жанында ойнағанада, баланы қараусыз қалдырмау керек;
- Бала терезеге көтерілмеуі үшін жиһазды терезе жанында орналастырмаңыз;
- Балаларға терезелердің жанында орналасқан төсекке немесе басқа жиһазға секіруге жол бермеу керек.
Балалардың өздігінен терез ашуына жол бермейтін, құлыптар орнату қажет. Егер сіз балаға терезеден бірдеңе көрсетсеңіз-баланы әрдайым мықтап ұстаңыз. Баланың кенеттен қозғалуына дайын болыңыз, алақаныңызды құрғақ ұстаңыз, балаңызды киімнен ұстамаңыз. Терезеңізді қауіпсіз етіңіз!
Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы