Павлодар облысы ТЖ департаментінде Қазақастан Республикасының Тәуелсіздігіне 30-жылдығына қарсы салтанатты іс шара өтті.
Іс-шара Төтенше жағдайлар Министрі Юрий Викторович Ильиннің Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтау сөзінен басталды.
Құттықтау сөзімен Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасарына әділет аға кеңесшісі Алибаев Талғат сөз сөйледі. Алибаев Талғат Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Жұмашев Жасұланға «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 30 жыл» медальін табыстады.
Департамент бастығы генерал-майор Жұмашев Ж. Қ. жеке құрамды және ардагерлерді мемлекеттік төл меркемен құттықтап, қызметті адал еңбекпен, абыроймен өтеуді тіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 702 Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттілігін қалыптастыруға, егемендігін нығайтуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медальімен Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бертыбваев Қайрат, жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Абдуалиев Мұхамедқанапия, Аққулы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Түсіпов Орман, № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Айсабеков Темірбек, № 5 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Бейсекеев Қазбек марапатталды.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 9 желтоқсандағы № 494 бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, жұмысында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күнін мерекелеуге байланысты № 6 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Шыбынаев Марсқа мерзімінен бұрын атақ берілді, «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медальімен Екібастұз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Куконев Дәулет, Төтенше жағдайлар Министрінің алғыс хатымен баспасөз-хатшысы Жақыпова Айдана марапатталды және № 4 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Шопенов Нурбекке Төтенше жағдайлар Министрінің алғысы жарияланды.
Көп жылғы адал еңбегі, азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін «Еңбек ардагері» медальдарімен ардагерлер кеңесінің төрайымы Асқарова Какима және азаматтық қорғау органдарының ардагері Гурицкий Геннадий марапатталды.
Павлодар облысы әкімінің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен Щербақты ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Қарынбаев Ринат, апаттар медицина орталығының басшысы Нуркимбаев Марат, ТЖ алдын алу басқармасының аға инженері Бүркітбаев Асқар, тылмен қамтамасыз ету тобының бас маманы Қаскенева Сәуле, кадр саясаты басқармасының бас маманы Қалиясов Азамат марапатталды.
Одан басқа, Департамент бастығының алғыс хатымен бірқатар қызметкерлер марапатталды.
Іс-шара соңында азаматтық қорғау органдарының ардагерлері шағын концерт ұйымдастырды. Ардагерлер баянмен хор айтты және халық аузында айтылып жүретін патриоттық әндерді шырқады.
Павлодар облысы ТЖД