Таңдалған мамандыққа адал болуға ант беру

Таңдалған мамандыққа адал болуға ант беру

Құтқарушылар күніне орай Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті ант қабылдау бойынша іс-шара өткізді.

Іс-шара Павлодар қаласындағы № 4 өрт сөндіру бөлімінің плацында өтті, онда 2013 жылғы қазанда Павлодар облысының өрт сөндірушілері мен құтқарушыларына арналған мемориалдық стела ашылды.

Іс-шараны ТЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы подполковник М.К. Батырқұлов ашты.

Іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Мейрамбек Батырқұлов, ең алдымен, жаңа шақырылушыларды ант қабылдауымен құттықтады.

Осы атаулы күні азаматтық қорғау қызметкерлері жаңадан қабылданғандар ант қабылдады. Бұл біз үшін салтанатты күн. Ант - бұл біздің халқымызға, ҚР Президентіне адал бол. Бұл басшы құрам үшін де, қатардағы құрам үшін де міндетті рәсім, - деп атап өтті спикер.

Жаңа шақырылушыларды ардагерлер кеңесінің төрайымы Қ.Х. Асқарова құттықтады. Кәкима Асқарова барлық ардагерлердің атынан барлық қатысушыларды келе жатқан кәсіби мерекемен Құтқарушы күнімен құттықтады. Қызметке жаңадан келген қызметкерлерге қызмет өткеру кезінде қаза тапқан жерлес батырларымыздың ерлігі үлгі болуға тілек білдірді.

Павлодар облысы ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ бастығы полковник Ф.С. Әміре жас қызметкерлерге сәттілік және қызметте табыс тіледі. Отанға құрметпен қызмет етуді тіледі.

Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Павлодар облысының өрт сөндірушілері тұрғын үйдегі өртті сөндіру кезінде қаза тапқан және «Өрттегі ерлігі үшін» медалімен наградталған ішкі қызметтің кіші сержанты Сергей Николаевич Мосинді, ГРЭС-1-дегі жарылыс салдарынан қаза тапқан Қызыл Жұлдыз орденімен наградталған ішкі қызмет сержанты Рашид Расихович Зиннатулинді және ҚР Президентінің «Айбын ІІІ» дәрежелі мемлекеттік наградасымен наградталған азаматтық қорғау бөлімшесінің командирі Машрап  Дулатұлы Арыстанбекті ешқашан ұмытпайды.

Іс-шара соңында жеке құраммен саптық байқау өткізілді.

 Павлодар облысы ТЖД