Мәдениет қызметкерлерін оқыту

Мәдениет қызметкерлерін оқыту

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті мәдениет нысандарының басшыларымен "ZOOM" бағдарламалық қосымшасы арқылы онлайн режимінде дәріс өткізді. Барлығы 16 мәдениет объектілерінің басшылары оқытудан өтті.

Мәдениет басшыларымен кездесу барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері бойынша әңгімелесулер өткізілді. Қызмет көрсетуші қызметкерлермен өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқаулық жүргізілді, өрт кезінде өзін қалай ұстау керектігі түсіндірілді, өрт туындаған жағдайда "101" нөмірі бойынша қоңырау шалу, үрейленбеу қажет.

Павлодар облысы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы