Профилактикалық рейдтік-іс шаралар

Профилактикалық рейдтік-іс шаралар

Успен ауданының ТЖ бөлімімен балық аулау дүкенінің иелерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Күзгі балық аулау кезеңінің басталуымен су айдындарында және балық аулау кезінде қаза болуды болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін еске саламыз. 

Негізінен қайғылы оқиғалар, соның ішінде адамның көз жұмуы, адамның кемеден тыс жерге құлауымен байланысты. Көбінесе бұл адамдар тұрып балық аулауды қалаған кезде болады.

Қайықта жүргендердің барлығында құтқару кеудешелері болуы керек. Өкінішке орай, бұл талапты бұзу суық мезгілде суда қаза болудың негізгі себебі болып табылады.

Міндетті түрде өздерінің туыстарына немесе таныстарына координаттарын қалдыру қажет, өзіңізбен бірге дәрі қобдишасы және телефонын алу керек.

Осы қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеседі!

Успен ауданы ТЖБ