Құрметті еңбек демалысына шықты

Құрметті еңбек демалысына шықты

Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Қуаныш Маратұлы Зиядин құрметті зейнеткерлік демалысына шықты.

Қуаныш Маратұлы Зиядин 2005 жылдың тамыз айында №26 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автомобилінің жүргізуші лауазымында қызмет бастаған. 2013 жылы Лебяжі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері лауазымына тағайындалды. 2014 жылы Көкшетау техникалық институтін «Өрт қауіпсіздігі» мамандығы бойынша бітірді. 2016 жылы Лебяжі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы лауазымына тағайындалды.

Қ.Зиядин 2014 жылы «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі медалімен, 2019 жылы «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» ІІ дәрежелі медалімен марапатталған. Сонымен қатар Аққулы ауданы әкімі атынан құрметті грамота мен алғыс хатпен бірнеше рет марапатталған.

Қызмет барысында өзін төтенше жағдайларды алдын алу және жою маманы ретінде жоғары деңгейде көрсетті. Азаматтық қорғау саласында 17 жыл атқарып, қиын жағдайда көптеген адамдарға өз шеберлігін көрсетіп көмек жасады.

2021 жылдың ақпан айының 18 күні Аққулы ауылынан 10 шақырым жерде азаматтық қорғау капитаны Қ.М.Зиядин «Омск-Майкапшағай» республикалық трассасында мониторинг жүргізіп жүріп, «ДAF» жүк көлігінің қар құрсауында қалғанын көреді. Анықтау барысында автокөлік иесі Украина Республикасының азаматы Кравченко Олександр Иванович. О. Кравченко Украина Республикасы, Чернигов қаласынан Шығыс қазақстан облысы, Семей қаласына жол тартқан.  Азаматтық қорғау капитаны Қ.М.Зиядин Аққулы ауданының азаматтық қорғау саласындағы көлік қызметтін шақыртып, жүк көлігін қар құрсауынан шығаруды ұйымдастырады. Қ.Зиядинның Төтенше жағдайлар кезінде дұрыс шешім қабылдап, жүк көлігін қар құрсауынан шығаруды шебер ұйымдастыру арқасында Украина Республикасының азаматы Кравченко Олександр Иванович «ДAF» жүк көлігімен жүрісін жалғастырады.

2021 жылдың таңғы 05 сағат 30 минут шамасында №18 Өрт сөндіру бекетінің 101 нөміріне Қарақала-Қазы тас жолының 25 шақырымда Митсубиси Паджеро автокөлігі қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабар түседі. 05 сағат 50 минуттар шамасында оқиға орнына азаматтық қорғау капитаны Қ.М. Зиядин Нива Шеврале автокөлігімен шығады. Оқиға орнына барғанда анықталғаны Қарақала-Қазы тас жолының 25 шақырымда Митсубиси Паджеро автокөлігі қар құрсауында қалып қойған. Автокөлік ішінде 3 үлкен және 2 кішкентай бала бар екен. Азаматтық қорғау капитаны Қ. Зиядиннің жағдайды қалыпты бағалау және автокөліктің қар құрсауынан шығуын дұрыс ұйымдастыру арқасында автокөлік қар құрсауынан шығады. Осы жұмыстын арқасында 3 үлкен адам және 2 бала төтенше жағдайдан аман есен құтқарылып, Аққулы ауылындағы туыстарына жеткізілді.

Қызмет өткеру кезінде өзін оң жағынан, сауатты, білгір және тыңғылықты қызметкер ретінде танытты. Төтенше жағдайларды алдын алу және жоюға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бағытында кәсіби білікті, ұқыпты қызметкер ретінде өзін көрсетті. Қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдай білетін қызметкер.

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және Аққулы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері атынан Қуаныш Маратұлы Зиядинге атқарылған мінсіз қызмет үшін алғысымызды білдіріп, деніне саулық, отбасыға бақыт, алдағы істеріне ақ жол тілейміз!

Аққулы ауданы ТЖБ