"Ertis" телеарнасының тікелей эфирінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының офицері аға лейтенант Ербол Ғазиз және "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ кадр саясаты бөлімінің бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Дастан Нұралин сөз сөйледі.
Бірінші болып азаматтық қорғаныс басқармасының офицері Ербол Ғазиз сөз сөйледі. Спикер телекөрермендерге шомылу маусымының қорытындылары туралы айтып, шомылу маусымы кезеңінде жүргізілген профилактикалық іс-шаралар туралы айтты. Барлығы облыс су айдындарының жанында 1000-нан астам рейдтік іс-шаралар өткізілді және 28 мыңнан астам жадынама таратылды. Су айдындарында ересектердің қарауынсыз болған рейдтер барысында 50-ден астам кәмелетке толмаған бала анықталды. 2021 жылдың жаз мезгілінде су айдындарының жанында 30 демалыс орны жұмыс істеді, оның ішінде: 20 коммуналдық және 10 жеке меншік.
Бұдан әрі Ербол Ғазиз суға шомылу маусымы кезінде құтқарылғандардың статистикасын келтірді. Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 5 адамды құтқарды, оның ішінде үлкендердің еріп жүруінсіз шомылуға жабдықталмаған жерде шомылған 3 бала.
Өкінішке орай, ағымдағы жылдың шомылу кезеңінде қабылданған шаралар мен жүргізілген жұмыстарға қарамастан, облыстың су айдындарында 27 адам, оның ішінде 6 бала суға батып кетті.
Су айдындарында қаза болудың негізгі себептері алкогольдік масаң күйде шомылу, кәмелетке толмаған балаларды ата-аналарының тиісті қарауынсыз қалдыру, шомылуға рұқсат етілмеген орындарда шомылу болып табылады.
Келесі болып кадр саясаты бөлімінің бастығы Дастан Нұралин сөз сөйледі. Бос жұмыс орындары туралы, атап айтқанда өрт сөндіруші және "В", "С" санатындағы жүргізуші туралы айтып берді. Көрсетілген бос жұмыс орындары бойынша оқуға түсу өлшемдеріне егжей-тегжейлі тоқталып, Қазақстан Республикасы ТЖМ азаматтық қорғау академиясында одан әрі оқу мүмкіндігі туралы әңгімеледі. Осыдан кейін спикер қызығушылық танытқан адамдар үшін жұмысқа орналасу шеңберінде жүгіну бойынша координаттар қалдырды, сондай-ақ конкурстық рәсімдер тұрақты өтіп, жұмысқа орналасқысы келетіндерге атап өтті
Тестілеуден өткені туралы сертификаттың болуы, дене шынықтыру даярлығы бойынша сынақтарды тапсыруға дайын болуы, медициналық қарсы көрсетілімдері болмауы қажет. Бұдан басқа, лауазымға жалданатын жүргізушілер үшін - жоғарыда көрсетілген санаттар бойынша жүргізуші куәлігінің болуы міндетті.
Павлодар облысы ТЖД АҚБ
Павлодар облысы ТЖД
"ӨСжАҚЖҚ" ММ КҚБ