Үйлесімді жұмыстың арқасында бала құтқарылды

Үйлесімді жұмыстың арқасында бала құтқарылды

2021 жылғы 3 қыркүйекте 11 сағат 49 минутта № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктінің пультіне Екібастұз қаласы Бауыржан Момышұлы көшесі 60 мекен-жайында орналасқан пәтердің жанғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Шақыру орнына № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің және № 6  өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары жіберілді. Барлау барысында шақыру орнына келген бойда бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйде, бірінші қабатта үш бөлмелі пәтерде ванна бөлмесінде жалпы ауданы 4 шаршы метр кір жуғыш машина мен үй заттары жанғаны анықталды. Сонымен қатар, кіреберісте қатты түтін болды.

Жанып жатқан пәтердің кіре беріс темір есігінің жабық болғанына қарамастан, қатты қара түтін болды. Темір есікті жедел-құтқару жасағының қызметкерлері дереу ашқаннан кейін, газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны азаматтық қорғау старшинасы Жақсылық Әмірхановтың басшылығымен жанып жатқан пәтерге кірді. Адамдардың барына барлау жүргізді. Пәтерден адамдарды таппаған соң, өрт сөндірушілер өртті сөндіруге кірісті. Осы уақытта Ж.Әмірханов түтінді жоюмен бірге, жоғары орналасқан пәтерлерді барлауға кірісті. Қауіпсіздік постындағы ақпаратқа сәйкес, оған қарт әйел келіп, № 5 пәтерде оның жеті жасар немересі бар екендігі туралы хабарлады.

Жақсылық дереу таза ауаға шығып, осы пәтердің кілтін алып, баланы қолымен көтеріп алып шығып, оны әжесіне тапсырды. Балаға медициналық көмек қажет болмады.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін подъезден 5 адам өздігінен эвакуацияланды, оның ішінде 1 бала.

Өрт 12 сағат 12 минутта сөндірілді.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Себебі мен шығыны анықталуда.

Оқиға орнында жеке құрамнан 12 адам және 4 бірлік техника жұмыс істеді.

 2-МӨСБ бастығының орынбасары

Жұмабай К.