Павлодар облысында газ баллонының тар етуі болды

Павлодар облысында газ баллонының тар етуі болды

2021 жылғы 20 шілдеде сағат 15-14-те "101" пультіне Павлодар ауданы, Кемеңгер ауылы мекенжайы бойынша хабарлама келіп түсті. Хабарлама бойынша, Комсомольская көшесіндегі жеке үйлердің бірінде газ баллонының тарс етуі болды. 1956 жылы туған ер адам сыйымдылығы 27 литр газ тұрмыстық баллонын ашық отпен тексеру кезінде газ-ауа қоспасының жануы болды. От таралмай, әрі қарай жанған жоқ. Нәтижесінде ер адам күйік алып, бірінші қалалық ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына 4 адам және 1 бірлік техника жұмылдырылды.

Павлодар облысының ТЖ департаменті облысымыздың барлық азаматтарынан қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Павлодар облысы ТЖД