Төтенше жағдайларға жол бермеу шеңберінде ағымдағы жылдың 1 маусымында Павлодар қаласының әкімі Е.И. Иманслямның төрағалығымен ТЖК кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде қалалық дренаж-нөсер жүйесінің жағдайы, адамдар көп жиналатын объектілердің өрт қауіпсіздігі, адамдар мен жануарлардың жаппай жұқпалы ауруларының алдын алу, аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша қажетті шаралар қабылдау мәселелері қаралды. Су тасқыны кезеңінің өтуі мен 2021-2023 жж. Жол картасын іске асырудың қорытындылары шығарылды.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша ведомстволық бағынысты мекемелердің бірінші басшылары баяндама жасады.
Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының баяндамасына сәйкес: «Ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар қаласының аумағында жоғары тәуекел дәрежесі бар адамдар жаппай болатын объектілерде өрт тіркелген жоқ. Өткен 2020 жылы 3 өрт және 1 өрт тәуекел дәрежесі төмен объектіде болды. Өрттердің туындауының негізгі себептері: электр сымдарын монтаждау және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтамау, электр жабдығын техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, технологиялық процесті бұзу болып табылады». Осыған байланысты әлеуметтік қызметтер арқылы адамдар көп жиналатын жерлерде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзушылықтарын болдырмау бойынша халықпен әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы профилактикалық жұмысты күшейту ұсынылды.
Павлодар қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы А. Сафяников қала тұрғындары арасында СОVID-19 ауруының статистикасы туралы айтты.
Тақырыптың соңында аттракциондарды қауіпсіз пайдалану бойынша шараларды талқылады. Ол үшін құзыретті органдарға кәсіпкерлерді батуттардың техникалық жай-күйі талаптарының сақталуын, оларды пайдалану қауіпсіздігінің сақталуын тексеруді тапсырды. Балалардың қауіпсіздігі бәрінен бұрын маңызды!
Комиссия төрағасы алдын алу жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аударды.
Павлодар қ. ТЖБ