Азаматтық қорғау қызметкерлерінің жас буынға арналған ерлік сабағы

Азаматтық қорғау қызметкерлерінің жас буынға арналған ерлік сабағы

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс Күніне орай Павлодар облысы ТЖ департаментінің ахуалдық залында әскери қызметшілер ардагерлерінің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушы ардагерлердің кездесуі өтті. Олардың арасында Қазақстан Республикасы Төтенше қызметтер жүйесінде қызметін азаматтық қорғаныс штабынан бастаған ардагерлер бар. Болат Құсайынұлы Сержанов, Виктор Витальевич Ефименко, Петр Леонидович Куклин. Бұл аға буын әскери қызметшілері.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің қалыптасуы таңында Қарулы Күштер қатарына әскери қызметшілердің жаңа буыны келуде. Олардың әрқайсысының өмірбаянының қызықты және ерекше фактілері бар, олардың барлығын қарулы күштер қатарына кіру кезінде салтанатты түрде берген анттары біркітіреді. Кездесуді ТЖД бастығының орынбасары, подполковник М. Батырқұлов ашты. Ол мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Біздің барлық құрметті ардагерлеріміз әр уақыттарда ТЖ жүйесінде жұмыс істеді және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесінің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосты. ТЖ қызметкерлерінің жас буыны үшін олардың әңгімелері сабақ болады.

Б. К. Сержанов пен В. В. Ефименко жас қызметкерлер алдында сөз сөйлеп, қандай жағдайда қызмет еткендерін айтып берді. Жас ұрпаққа арнаған сөзінде ардагерлер патриотизм мен өз кәсібіне адал болу керектігін еске салды.

Азаматтық қорғау мамандарының жас буынына Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бұрынғы бастығы, көп жылдар бойы облыстың төтенше қызметтер жүйесінде қызмет еткен Ш. А. Шаймарданов құттықтау сөз сөйледі. Кездесу барысында О. С. Исинов, А. С. Тұтанов, А. Ж. Әлбеков, Т. А. Тұрлыбеков, Ю. Н. Ефимов және басқа да қатысушылар қызмет еткен жылдары туралы естеліктерімен бөлісті.

АҚБ аға офицері Е.Қасымов, Павлодар қаласы АҚТ аға офицері С. Тастембеков әскери қызметшілер атынан сөз сөйледі, олар ардагерлерге өнегелі әңгіме мен қызықты кездесу үшін алғыс айтып, қатысушыларды жас толықынның өздеріне жүктелген сенімді ақтайтынына сендірді. Кездесу соңында қатысушылар "Атамекен" әнін орындады.

 Павлодар облысы ТЖД баспасөз қызметі