Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар

Ақмола облысында су тасқынына қарсы іс-шаралар

Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары Ақмола облысындағы су тасқынына қарсы күресті жалғасуда.

Ағымдағы жылғы 13 сәуірдегі жағдай бойынша 1 өрт сөндіру-сорғы станциясы Қаражар ауылынан Қараөткел кентіне К.Байсейітова көшесіне көшірілді.

Сағат 13-00-ден 16-00-ге дейін өрт-сорғы станциясымен 2 376 текше метр су сорылды, барлығы 56 160 текше метр су сорылды, мотопомпаның көмегімен 720 текше метр су сорылды, барлығы 17 760 текше метр су сорылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 Павлодар облысы ТЖД