Павлодар облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

Павлодар облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар

Облыс аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты, тұрғын үйлердің аула аумақтарын су басу бойынша ақпарат түскен жоқ.

Бір тәулік ішінде республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарда су тасқыны болған жоқ.

Павлодар қаласында екі ассенизаторлық машинамен жер асты суларын сору бойынша жұмыстар жүргізілді, бір тәулікте 130 м3 сорып алынды.

Жолболды-Шілікті автомобиль жолының учаскесінде шайылып кеткен жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 4 бірлік техника (2 бірлік тиегіш және 2 бірлік КАМАЗ) жұмылдырылды. Жол толығымен қалпына келтірілді.

Сонымен қатар, Шілікті ауылынан су бұру жолдарын 1 м-ден 5 м-ге дейін кеңейту жұмыстары жүргізілді, тұрғын үйлердің аула аумақтарын су басу қаупі жоқ.

 Павлодар облысы ТЖД жедел штабы