Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары су тасқынына көмектесу үшін Ақмола облысына келді

Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары су тасқынына көмектесу үшін Ақмола облысына келді

Ақмола облысындағы су тасқыны жағдайының нашарлауына байланысты, сондай-ақ авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін ағымдағы жылдың 9 сәуірде Павлодар облысы ТЖД жеке құрамынан 19 адам және 6 бірлік техникасынан тұратын құтқару тобы құрылды, одан әрі Ақмола облысының Қараөткел ауылына орналастырылды.

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде еріген қар суларын тартып шығару және тұрғын үйлерде еріген қар суымен басу қаупін жою үшін күштер мен құралдар келген соң Қараөткел кентінің үш су басқан жеріне орналастырылды.

Құтқару тобы келесі бағыт бойынша орналасты: 19 шағын ауданда 1 өрт-сорғы станциясы, Ғ.Мүсірепов көшесінде 1 өрт-сорғы станциясы және Ақан сері көшесінде 4 мотопомпа орналастырылды. Техника орнатылған сәттен бастап өрт-сорғы станциясымен 33 588 метр су кубогы сорылды және мотопомпаның көмегімен 10 800 метр су кубогы сорылды.

12 сәуірде еріген қар суының деңгейінің төмендеуіне байланысты Қараөткел кентінің 19 шағын ауданында орнатылған өрт-сорғы станциясы Қаражар елді мекеніне су айдау үшін көшірілді. Ақан сері көшесінен 4 мотопомпа Пушкин көшесіне көшірілді.

12 сәуірдегі жағдайы бойынша өрт-сөндіру станциясы барлығы 35 172 су кубогын және төрт мотопомпа барлығы 11 280 су кубогын сорып шығарды. Осы бағытта жұмыстар жалғасуда.

 Павлодар облысы ТЖД