Көкшетау техникалық институты азаматтық қорғау органдары үшін жоғары білімді білікті офицерлерді даярлайтын жалғыз ведомстволық оқу орны болып табылады. Бүгінде төтенше жағдайлар құрылымында жұмыс істейтін әрбір адам елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және оның кабинетте отырғаны және маңызды құжаттарды әзірлегені, жедел автокөлікпен көмекке асығатыны немесе болашақ құтқарушыларға дәріс оқитыны маңызды емес. Сондықтан, Көкшетау техникалық институтының курсанттары қатарына жастарды тарту бойынша үгіт-насихат, кәсіптік бағдарлау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді.
Осы мақсатта 5 наурызда Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері "Павлодар қаласының трамвай басқармасы" АҚ-мен бірлесіп Көкшетау техникалық институтына түсу бойынша жастарды тарту бойынша кәсіби үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Павлодар қаласының трамвайларында институтқа түсудің негізгі шарттары, сондай-ақ дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтер көрсетілген буклеттер таратылды. Бұдан басқа, Павлодар қаласының 23 трамвайының салондарындағы мониторларда институтқа түсу бойынша бейнеролик орналастырылған.