Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күнін өткізу шеңберінде және халықты ТЖ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен Павлодар облысының жоғары оқу орындары арасында азаматтық қорғау сыныптарын ашу және ынтымақтастық туралы үш меморандумға қол қойылды.
Алғашқы меморандумға "Торайғыров университетімен" қол қойылды. ТЖ департаментінің бастығы Өтегенов Ернұр Сапарұлы "Торайғыров Университеті" ректоры Бегентаев Мейрам Мұхаметрахымұлымен екі тараптың бірқатар қызықтыратын сұрақтарын талқылады.
- Біздің көптеген қызметкерлеріміз сіздердің түлектеріңіз. Сондай-ақ, студенттердің көпшілігі еріктілер болып табылады. Меморандумға қол қою кезінде біз азаматтық қорғау саласындағы Департаменттің жоғары білікті қызметкерлері оқытатын азаматтар санын кеңейте аламыз, - деді Департамент бастығы Е.Өтегенов. Сонымен қатар, ол студенттердің Көкшетау техникалық институтына түсуге және азаматтық қорғау органдарына қызметке түсуге, өрт сөндіру-құтқару спорты командасының мүшесі болуға мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
Өз кезегінде ЖОО ректоры Павлодар облысында төтенше жағдайлар туындаған кезде халыққа көмек көрсетуді жан-жақты жеңілдету бойынша өз ұсыныстары мен идеяларын айтты. Төтенше жағдайларда уақтылы ден қою мәселелері және екі тараптың қызықтыратын мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.
- Қазіргі уақытта университет базасында цех жұмыс істейді, онда кәсіби оқытушылар мен құнды қызметкерлер студенттермен әр түрлі бағытта жұмыс жасайды. Біз сол жерде сұйық сабын, антисептиктер, жиһаз және ең маңызды -техниканы әзірлейміз, - деді ЖОО ректоры М.Бегентаев. Сондай - ақ, ол ТЖ жоюға көмек көрсету үшін Департаментпен мүмкіндігінше ынтымақтасуға дайын екенін айтты.
Одан кейін іс-шараның ресми бөлігі, екі тараптың меморандумға қол қоюы болды, ол бес бағыт бойынша ынтымақтастықты қамтиды. Атап айтқанда, департаменттің қажеттіліктері үшін арнайы техниканы әзірлеу. Азаматтық қорғау қызметкерлерін "дронмен" оқыту. Психология және әлеуметтану саласында ТЖ алдын алуға халықпен профилактикалық жұмысты барынша күшейту. Департаментте еріктілер мен студенттердің тәжірибесі. Университет спортшыларының өрттен құтқару спорт жарыстарына қатысуы.
Бұдан әрі аталған ЖОО студенттері болып табылатын Қызыл Жарты Ай еріктілері "ТЖ-дағы іс-әрекеттер" спектаклін ұйымдастырды.
Екі тараптың делегациясы цехты, меморандумда айтылған кейбір бағыттардың іске асырылатын орнын қарап шықты.
Осындай іс-шараны "Инновациялық – Еуразия Университетінің" жоғары колледжі мен ЖОО өткізді, онда "Құтқарушы, техник" жаңа мамандығы бойынша студенттерді дайындау қарастырылды. Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері студенттерге сабақ беретін азаматтық қорғау аудиториясын ашты.
Мұндай іс-шаралар халық пен азаматтық қорғау қызметкерлері арасындағы қатынастарды нығайтуға және сенімді арттыруға әкеледі.
Павлодар облысы ТЖД