Су тасқынына дайындық

Су тасқынына дайындық

Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша алдын алу іс-шаралары шеңберінде су басу қаупі бар учаскелерді кезекті аралау жүргізілді. Құрамында Павлодар облысы ТЖД бастығы Е.С. Өтегенов бар комиссия Павлодар қаласының әкімі Е. И. Имансляммен бірге қаланың және елді мекендердің аумақтарын кезекті аралап, ең осал учаскелерді, сондай-ақ жалпы су тасқыны жағдайын тексерді.

Осы жұмыс барысында Павлодар қаласының азаматтық қорғау құралымдарының күштері мен құралдарының ағымдағы жылы су тасқыны кездесуіне дайындығы мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, су тасқынынан өту бойынша жол картасының мәселелері талқыланды, оның шеңберінде Кенжекөл а., Ленин к. үйінділерін күрделі нығайту, ағымдағы жылы жобалық құжаттаманы әзірлеу көзделген.

Аралау қорытындысы бойынша және ағымдағы жағдайды ескере отырып, екі ведомство басшылары бірқатар тапсырмалар берді, елді мекендерді су басуына жол бермеу бойынша жағдайды тұрақты және жеке бақылауда ұстау.

Елді мекендердің әкімдері және ТҮКШ бөлімі су тасқыны кезеңінде аса осал учаскелерді ерекше бақылауға алу, елді мекендердің көлік жүретін бөліктері мен аулаларынан қарды уақтылы шығаруды ұйымдастыру, қажетті қаптар, инертті материалдар қорын жасау қажет. Сондай-ақ, жағдай күрделенген жағдайда қалың қар еру кезеңінде еріген суды сорып алу үшін кәсіпорындар мен ұйымдардан қосымша күштер мен құралдарды тарту мәселесін пысықтау, қала мен елді мекендердің хабардар ету жүйесінің жұмысқа қабілеттілігін бақылау ұсынылды.

«Көктем-2021» Республикалық командалық – штабтық оқу-жаттығу қалай өтетіні туралы да талқыланды. Биылғы жылы қар шығару, су өткізу құбырларын тазарту, бөгеттерді нығайту сияқты практикалық жұмыстарға ден қою үшін құрылыстар мен жаппай жиындардан бас тарту туралы шешім қабылданды.

 Павлодар қаласының ТЖБ