Іздеу тобының уақтылы ден қоюы

Іздеу тобының уақтылы ден қоюы

         2021 жылдың 26 ақпанында 10 сағат 20 минутта «112» пультіне Май ауданында жоғалып кеткен ер адамдарды іздеуге көмек туралы хабарлама келіп түсті. Хабарлама бойынша 2021 жылғы 25 ақпанда 1972 және 1983 жылдары туған ер адамдар Қаратерек ауылынан «Жарқын» қыстағына мал іздеуге шығып, жоғалып кеткен.

         Май ауданында, Қаратерек ауылында Павлодар облысы ТЖ департаментінің, полиция бөлімінің, жергілікті атқарушы органдардың және жергілікті тұрғындардың күшімен жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жүргізілді.

         12 сағат 27 минутта 145 UP-EC020 Еурокоптері Май ауданына ұшып шықты. 16 сағат 11 минутта іздеу тобымен көзбен шолып ұшу кезінде «Сарымсақты» қыстағынан 7 шақырым жерде жоғалып кеткендер табылды.

Іздеу тобының жедел әрекеттерінің арқасында адасқан ер адамдарды үсік шалған жоқ және медициналық көмекке мұқтаж болмады.

         Осындай жағдайлардың алдын алу үшін Павлодар облысы ТЖ департаменті барлық азаматтардан өз қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Дауылды ескерту алған кезде елді мекендерден шықпаңыз.

Павлодар облысы ТЖД