Павлодарлық құтқарушылармен авариялық-құтқару жұмыстары

Павлодарлық құтқарушылармен авариялық-құтқару жұмыстары

2021 жылғы 25 ақпанда 12 сағат 24 минутта ТЖ департаментінің «112» пультіне Екібастұз қаласынан 130 км қашықтықта тұрып қалған автомобильдерден көмек туралы телефон хабарламасы келіп түсті. Дереу оқиға орнына «ТРЭКОЛ» жол талғамайтын көлігімен 2 құтқарушы жіберілді. Оқиға орнына келген құтқарушылар қар құрсауынан 10 бірлік жеңіл автокөлікті шығарып алды. Одан әрі құтқарушылар жол-пайдалану учаскесімен бірге Шідерті кентіне дейін 15 бірлік техниканы эвакуациялады. Оның ішінде 3 жүк, 12 жеңіл көлігі. Салондарда 26 адам болды, балалар болмады.

Сондай-ақ, дәл осы күні 15 сағат 20 минутта Байет ауылы мен Екібастұз қаласы арасында шамамен 30 км қашықтықта ұқсас хабарлама келіп түсті. Үш құтқарушы орындаған авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде 6 адам құтқарылды. Оларды Екібастұз қаласының ТЖ вокзалына жеткізді.

Құтқарушылар мен ЖПУ қызметкерлерінің жедел және үйлесімді іс-әрекеттерінің арқасында ешкімді үсік шалған жоқ.

Құтқарушылар азаматтарға «112» қызметінен «смс» хабарлама алған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауды ескертуден шаршамайды. Құрметті азаматтар өз өмірлерін қауіпке төндірмеңіздер. Төтенше жағдай кезінде құтқару қызметіне «112» және «101» нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

 Павлодар облысының ТЖД!