2020 жылдың 12 айында Павлодар облысының аумағында 102 өрт болды, материалдық шығын 23 млн. теңгеден асты.
Көліктің кез-келген түріндегі өрт күтпеген жерден пайда болуы мүмкін және қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Өрттің жиі себебі неде? Көлік құралын міндетті техникалық байқау процесінде автомобильдің жай-күйі бақыланады, бірақ электр жабдығы мен отын жүйесін тексеру жүзеге асырылмайды. Дегенмен, автокөліктегі өрттің негізгі себептері: қозғалтқыштың электр өткізгіштерінің/электр агрегаттарының қысқа тұйықталуы, отты абайсыз қолдану (қозғалтқышты дәнекерлеу шамымен жылыту, темекі шегу, қозғалтқыш бөлігін киізбен жылыту), отын құбырының үзілуі немесе ақауы болып табылады. Көбінесе бұл автокөлікті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын сақтамаудан болады.
Автокөлік иелері нені есте сақтауы керек:
- әрбір көлік құралы көлемі 2 литрден кем емес жарамды өрт сөндіргішпен жабдықталуы тиіс. Бұл жағдайда өрт сөндіргіштің құрылғысын білу керек және оны қолдана білу керек.
- автокөлік тораптары мен механизмдерін жарамды күйде ұстау;
- аккумуляторларды тікелей көлік құралдарында зарядтауға жол бермеу.
Егер сіздің автокөлігіңіз қозғалыс кезінде жанса, өрт кезінде автомобильде келесі тәртіп ережелерін сақтаңыз:
Құрметті автокөлік иелері, өртті сөндіргеннен гөрі алдын алу оңай екенін ұмытпаңыз!
Павлодар облысы ТЖД МӨҚБ инженері
азаматтық қорғау майоры А. В. Лысикова