ТЖМ авиациясы жүкті әйелді Ертіс ауданынан Павлодарға жеткізді

ТЖМ авиациясы жүкті әйелді Ертіс ауданынан Павлодарға жеткізді

«Қазавиақұтқару» тікұшағы медициналық көмекке мұқтаж жүкті әйелді шұғыл тасымалдау үшін Павлодар – Ертіс – Павлодар бағыты бойынша санитариялық рейс орындады.

          Әйелді тасымалдау туралы өтінім Ертіс аудандық ауруханасынан түскен. Жүктіліктің 36-аптасындағы 29 жастағы пациентке мамандандырылған медициналық көмек қажет болған.

          Әйелді тасымалдау үшін реаниматолог, гинеколог және мейіргерден тұратын медициналық авиация бригадасы жіберілді. Ұшу кезінде пациенттің жағдайы тұрақты медициналық бақылауда болды. Павлодарға қонғаннан кейін пациент облыстық перинаталдық орталыққа жеткізілді.