Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өңірдің өртке қарсы қызметіне саналы ғұмырын арнап, оның дамуына өз үлесін қосқан жандардың есімін ардақтап, олардың өнегелі жолын ұмытпай келеді. Осындай азаматтардың бірі – азаматтық қорғау ардагері Ибрай Карибаев. Оның кәсіби өмірбаяны Павлодар облысының өртке қарсы қызметімен тығыз байланысты.
ТЖД қызметкерлері ардагердің үйіне барып, оған көп жылғы еңбегі, қызметке деген адалдығы және жас мамандарды тәрбиелеуге қосқан елеулі үлесі үшін алғыстарын білдірді.
Ибрай Зайкенұлы 1963 жылғы наурыз айынан бастап Ленин кенттік Кеңесінің жергілікті атқарушы органдарында басшылық қызметтер атқарып, сондай-ақ Павлодар облысындағы түрлі кәсіпорындарда әртүрлі бағыттарда еңбек етті. 1986 жылғы сәуір айында ол №33 өрт сөндіру бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Бұл қызметке ол ұзақ жылдарын арнап, өрт сөндіру ісіне деген отбасылық дәстүрді жалғастырды.
Карибаевтар отбасы нағыз өрт сөндірушілер әулетіне айналды. Ибрайдың әкесі Зекен 20 жылдан астам уақыт бойы өртке қарсы қызметте еңбек еткен. Әкесінің жолын Ибрай жалғастырды. Кейін №33 өрт сөндіру бөлімінде оның ағасы Аблай мен ұлы Нұржан да қызмет атқарды.
Көп жылғы еңбегі мен қоғамдық қызметтегі белсенділігі үшін Ибрай Карибаевқа «Павлодар қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.