Павлодарда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын алып шықты

Павлодарда өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден екі газ баллонын алып шықты

           112 пультіне Достық көшесіндегі жеке тұрғын үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндірушілер келген бойда ағаш шатыр мен жапсарлас құрылысты сөндіруге кірісті. Өрт 20 ш.м. аумақты шарпыған.

          Құтқарушылар үйден сыйымдылығы 50 литр болатын екі газ баллонын алып шықты. Осылайша ықтимал жарылу қаупінің алдын алды.

          Зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

          ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.