Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері арасында өрт-құтқару спорты бойынша облыстық жарыс

Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері арасында өрт-құтқару спорты бойынша облыстық жарыс

         Жарыстың басты мақсаты – қызметкерлердің кәсіби шеберлігі мен дене дайындығын арттыру, жауынгерлік әзірлігін шыңдау, сондай-ақ өрт-құтқару жұмыстарын орындау дағдыларын жетілдіру.

          Сайысқа қатысушылар үш кезең бойынша бақ сынайды. Олар – оқу-жаттығу мұнарасының төртінші қабатына шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілер жолағын еңсеру және жауынгерлік қанат жаю.

          Жарысқа 17 команда құрамында 102 қызметкер қатысып отыр.

          Сайыстың алғашқы күнінде командалар жылдамдық пен ептіліктерін сынап, шабуыл сатысымен оқу-жаттығу мұнарасының төртінші қабатына көтерілу кезеңінде бақ сынады.