2026 жылдың басынан бері көлік құралдарының өртенуіне қатысты 70-тен астам жағдай тіркелді. Олардың басым бөлігін автокөліктің техникалық жағдайына тиісті көңіл бөлген жағдайда алдын алуға болар еді.
Павлодар облысының ТЖД ескертеді:
-Электр сымдары мен аккумулятордың жағдайын үнемі тексеріп, диагностикадан өткізіңіз;
- Жанармай мен техникалық сұйықтықтардың ағып кетпеуін бақылаңыз;
- Автокөлік салонында тез тұтанатын заттарды (аэрозольдер, оттықтар) сақтамаңыз;
- Көлікте темекі шекпеңіз;
- Өрт сөндіргіштің жарамды екеніне көз жеткізіп, оны қолжетімді жерде ұстаңыз.
Өрт шыққан жағдайда:
- Күйік иісі немесе түтін пайда болған кезде көлікті дереу тоқтатып, қозғалтқышты өшіріңіз. Автокөліктен шығыңыз. Өртті сөндіруге әрекет жасаған кезде капотты толық ашпаңыз: ауа ағыны өрттің күшеюіне себеп болуы мүмкін.
Қауіпсіз жерге алыстап, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, құтқару қызметін шақырыңыз.